Қазақстан таеквондошылары Қытайда өтетін лицензиялық сында бақ сынайды

Редактор
29.02.2024, 09:47

Әзірге Қазақстан спортшылары небәрі 19 жолдамаға ие

kaztkd.kz

Қазақстан спортшылары таеквондодан Олимпиада жолдамасы үшін Азия іріктеу турниріне қатысады. Қытайдың Тайань қаласында 15-16 наурыз күндері өтетін сында ұлттық құраманың 4 спортшысы сынға түспек.

Олардың қатарында 57 келіде Мария Севостьянова, +67 келіде Жансель Дениз, ерлер арасында 58 келіде Самирхон Абабакиров және 80 келіге дейін Батырхан Төлеуғали өз мүмкіндігін сынап көрмек.

Осыған дейін Қазақстан спортшылары Париждегі олимпиада ойындарына спорттың 8 түрі бойынша 19 жолдамаға қол жеткізді. Оның ішінде садақ атудан — 4, тас жолдағы велоспорттан — 3, нысана көздеуден — 5, қазіргі бессайыстан — 2, бокстан — 2, грек-рим күресінен — 1, еркін күрестен — 1, спорттық гимнастикадан — 1 жолдамаға ие болды.

Биыл төрт жылдықты басты ойындары шілде айының 26-да басталып, 11 тамызда мәресіне жетеді.

Материалда: