8 наурызда қыздар гүл алып жатқанда, біз жаттығу залында тер төктік – Жәмилә Бақбергенова

Редактор
09.03.2024, 17:52

Ол Олимпиада ойындарына жолдама беретін турнирге дайындалып жатыр

olympic.kz

Әйелдер күресінен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова Халықаралық әйелдер күні мерекесін қалай атап өткенін айтты.

Әйгілі балуан мереке күні таңертеңнен кешке дейін өзге спортшы қыздармен жаттығу залында болған екен. 

«Барлығы 8 наурызда гүл алып жатқанда мен таңертең 10-да жаттығу залына кіріп, кешкі 22:00-де бір-ақ шықтым», - деп жазды Жәмилә өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кететін жайт, Жәмила Бақбергенова қазақ қыздары арасында әлем чемпионатынан үш мәрте жүлде алған тұңғыш спортшы. Ол өткен жылы Қытайда өткен Азия ойындарында да күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, бапкері оның алда олимпиадалық салмақта лицензиялық турнирде күресетіні туралы мәлімдеді. Бұдан бөлек, отандасымыз ақпан айының басында ел чемпионатында 76 келіде жеңімпаз атанған болатын.