Қазақ дзюдошылары Линц Гран Приінің екінші күнінде де жаппай жеңіліп қалды

Редактор
09.03.2024, 20:14

Ертең жарыстың соңғы күні

olympic.kz

Аустрияның Линц қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При турнирінің екінші күнінде татамиге шыққан Қазақстан спортшылары түгел жүлдесіз қалады.

Аталған сында ерлер – 73, 81, ал әйелдер 63, 70, келіде сынға түскенімен, барлығы іріктеу кезеңдерінде есе жіберді.

73 келіде Жансай Смағұлов алғашқы айналымда мексикалық спортшыны жеңгенімен, екінші кезеңде Нидерланд өкіліне қарсы айла таба алмады.

Осы салмақта күрескен талдықорғандық Ислам Тоқтасынды бірінші белдесуінде Франция өкілі Лука Отманеден айласын асыра алмады.

81 келіде Мәди Аманкелді екі белдесуде жеңіске жетті. Отандасымыз әуелі Испания дзюдошысын ұтса, екінші кездеде ресейлік Адам Цечоевты қапы қалдырды. Алайда, ширек финалға шығар сында португалиялық Жоао Фернандумен күресте жеңілді.

81 келідегі тағы бір балуанымыз Жалғас Қайролла Болгария өкілі Георгий Граматиковқа қарсы тегеурін көрсете алмай, жарысты бірінші айналымнан аяқтады.

Әйелдер арасында 63 келіде татамиге шыққан қазақстандық Самалай Ерғалиева Аустрия турнирін жеңіспен бастады. Бірінші кезеңде Кабо-Верде өкілі Каролина Дельгадоны ұтты. Ал екінші кезеңде IJF атынан күрескен Нигара Шахииннен басым түсті. 1/8 финалда неміс қызы Агата Шмидтен өте алмады.

Ертең турнирдің соңғы күнінде жарыс жолына ерлер 90, -100, +100 келіде шықса, әйелдер -78, +78 келіде үздікті анықтайды.

Кеше турнирдің бірінші күнінде отандастарымыз жаппай жеңіліп қалды. Олардың арасында 60 келіде Қанат Сейілхан қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алғанымен, шешуші сәтті украиналық балуаннан ұтылды.