Танымал спорт комментаторы Василий Уткин қайтыс болды – БАҚ

Редактор
19.03.2024, 21:14

Оның жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін

belarushockey.com

Ресейлік танымал спорт комментаторы, журналист Василий Уткин 52 жасында қайтыс болды деп хабарлады ресейлік БАҚ өкілдері.

Журналист Иван Карповтың айтуынша, Уткиннің жүрегі тоқтап қалған. «Жүректен болды. Қиын!» деп жазды ол өзінің Telegram-каналында.

«Чемпионат» спорттық агенттігі де бұл ақпаратты растап отыр.

Айта кетейік, Василий Уткин тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап танылды. Ол «НТВ» және «НТВ-Плюс» телеарналарында футбол комментатор болып, әрі «Футбольный клуб» телебағдарламасын жүргізді. 2010-2015 жылдар аралығында «НТВ-Плюс» спорттық каналдарының бас директоры қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап ол өзінің YouTube каналында «Футбольный клуб» жобасын жандандырды.

2004-2005 жылдары «ТЭФИ» сыйлығының «Ең үздік спорт комментаторы» номинациясын жеңіп алған.