Азамат Дәулетбеков өз салмағында әлемнің ең мықты балуаны атанды

17.04.2024, 11:18

Ол АҚШ пен Иранның балуандарын басып озды

olympic.kz

Бішкекте өткен Азия чемпионатында құрлықтың үш дүркін чемпионы атанған еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков өз салмағында (86 кг) әлемдік рейтингтің көшін бастады.

Екінші орында америкалық Дэвид Тэйлор тұрса, үздік үштікті санмаринолық Майлз Амин қорытындылады. Ал, бұған дейін әлемдегі ең азулы балуан саналып келген ирандық Хасан Язданичерати төртінші орында.

Айта кетейік, Бішкекте күні кеше күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында Азамат Дәулетбеков өзінің құрлықтағы ең мықты балуан екенін үшінші рет дәлелдеді.

Енді Қырғызстан астанасында 19-21 сәуір аралығында Олимпиадаға жолдама беретін тағы бір ірі турнир өтеді.