Дзюдодан әлем чемпионатына Елдос Сметов баратын болды

Редактор
13.05.2024, 19:15

Аталған жарысқа Қазақстан толық құрамда қатысады

olympic.kz

Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның ерлер құрамасы анықталды.

19-24 мамыр аралығында өтетін сынға отандық татами шеберлері толық құрамда қатысады. Олардың қатарында әлемдік рейтингте 26-шы орында тұрған Елдос Сметов те бар.

  • 60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов 
  • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали 
  • 73 келі: Данияр Шамшаев, Бақытжан Әбдірахманов
  • 73 келі: Дархан Қойбағар (аралас командалық жарыс)
  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар
  • 90 келі: Айдар Арапов (аралас командалық жарыс)
  • 100 келі: Нұрлыхан Шархан
  • +100 келі: Ерасыл Қажыбаев 

Кеше Астанада аяқталған Qazaqstan Barysy Grand Slam додасында Ғалия Тынбаева 48 келіде чемпион атанған болатын. Ал Елдос Сметов (-60 кг), Бақытжан Абдурахманов (-73 кг) және Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды. Олардың қатарында Абиба Әбужақынова мен Кәмила Берліқаш сынды белгілі дзюдошылар бар.