Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды

13.05.2024, 12:14

Құрамада Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева бар

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды
olympic.kz

Абу-Дабиде дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі белгілі болды.

Olympic.kz порталының жазуынша, ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаев жаһандық біріншілікте 7 спортшысы бақ сынайтынын атаған.

«48 келі салмақта Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева бақ сынайды. 52 келіде ешбір спортшыны қатыстырмаймыз. Бұл салмақтағы қыздар әлі де чемпионат деңгейін жеткен жоқ. Бақыт Құсақбаева 57 келіде сынға түседі әрі командалық жарыста бақ сынайды. Есмигүл Куюлова 63 келіде белдеседі. Ол командалық турнирдегі олимпиадалық жолдамаға үміткердің бірі. Сондықтан, оған міндетті түрде жарысқа қатысу керек. 70 келіде Екатерина Токареваға сенім артамыз. Ол Астанадағы Grand Slam-да жақсы күресті. Тәжірибесі де толысқан спортшы. -78 келіде Аруна Жангелдина сынға түседі. Азия чемпионатында жарақат алып қалған. Әлем біріншілігіне дейін сапқа қосылады деп үміттенеміз. 78 келіден жоғары салмақта Камила Берліқаш күреседі. Ол да квотаға иелік еткен, Олимпиадаға қатысады», - деді бас бапкер.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама спортшылары соңғы жаттығу жиынын Қазақстанда өткізіп жатыр.

Айта кететін жайт, дзюдодан ұлттық құрама спортшылары кеше Астанада аяқталған Grand Slam бәсекесінде белдескен еді. Алайда олардың арасынан тек Ғалия Тынбаева ғана жүлдеге ілікті. Ол 48 келіде финалға дейін жетіп, турнирдің чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам