Кәмила Берліқаш әлем чемпионатында алқашқы белдесуін жеңіспен бастады

Редактор
23.05.2024, 14:01

Екінші айналымда ол қытайлық балуанмен күреседі

olympic.kz

Абу-Дабиде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Кәмила Берліқаш бірінші айналымда жеңіске жетті. Отандасымыз Сауд Арабиясының өкілі Тахани Алкахтаниді ұтып, енді екінші белдесуін Қытай спортшысына қарсы өткізеді.

Ал ерлер арасында аса ауыр салмақта белдескен Ерасыл Қажыбаев Бахрейн балуанынан ұтылып, жарысты аяқтады.

Бүгін аталған сында -100 келіде қазақстандық Нұрлыхан Шархан белдесуге шығады. Оның қарсыласы Швейцария балуаны болмақ.

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионаты басталғалы жалғыз қола медаль ғана иеленді. Аталған жүлде әйелдер құрамасының лидері Абиба Әбужақыноваға тиесілі. Сонымен қатар, Елдос Сметов бесінші орынға тұрақтаса, өзгелері үмітті ақтамады.