Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Редактор
03.06.2024, 10:08

Қазақстанның паралимпиада құрамасы Парижде өтетін паралимпиадалық ойындарға дайындалып жатыр

instagram.com/kairat4/

Олигарх Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Бұл туралы Боранбаевтың өзі әлеуметтік желіде жазды.

«Достар, мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан қабылданған шешімімен Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Осы күні мені қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін өте маңызды қызмет», - деп жазды Боранбаев.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев паралимпиадалық комитетке басшы болып үшінші рте сайланып отыр. Алғаш рет ол 2016 жылы бұл қызметке кіріссе, 2020 жылы қайта сайланған болатын.

Боранбаев «Қайрат» футбол клубына да басшылық етеді.