Ресейдегі БРИКС ойындарында жарысқа мүлдем келмеген спортшы чемпион атанды

Редактор
24.06.2024, 00:02

Оның қарсыласы да жарысқа келмей күміс жүлдегер атанды

Sports.ru

Татарстан астанасы Қазанда өткен БРИКС ойындары аясында Литва балуаны жарысқа келмей-ақ чемпион атанды. Ал, оның финалдағы қарсыласы – Румыния өкілі Степан Карасени де аталған додаға мүлдем келмеген.

Алайда, соған қарамастан, төреші бозкілемге шығып, турнирдің жеңімпазын анықтады. Оның шешімі бойынша жеңіс Литва балуаны Андрюс Мажейкаға берілді.

Қызық болғанда, литвалық балуанның қазір қайда екені де белгісіз екен. Тіпті, соңғы төрт жылдан бері оны спорт залынан да ешкім көрмеген. Онымен байланысу да мүмкін болмапты. Яғни, Можейканың өзі де Брикс ойындарында чемпион болғанын білмеген болуы мүмкін.

Айта кету керек, Ресей спортшылары Олимпиада ойындарынан шеттетілгеннен кейін ел билігі Олимпиадаға балама ойлап табатынын хабарлаған еді. Нәтижесінде, Қазан қаласында БРИКС ұйымына мүше елдердің спортшылары арасында жазғы спорт түрлерінен жарыстар өтті. Қатысушылардың аз болғаны сонша, кей спорт түрлеріне небәрі бір-ақ атлеттен қатысып, жарыссыз-ақ чемпион атанған.

Материалда: