«Қатты сағындым». Самбошы қыз Азия чемпионатындағы алтынын марқұм әкесіне арнады

Редактор
01.07.2024, 20:29

Қазақстандық самбошылар Азия чемпионатында 15 алтын жеңіп алды

instagram.com/seitimova_anara

Қытайдың Макао қаласында өткен самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионатында қазақстандық Анар Сейтімова алтын медаль иеленді. 

Спортшы қыз бұл жеңісін марқұм әкесіне арнады. 

"Әке, осы алтын медальді сізге арнаймын. Жатқан жеріңіз жайлы болсын. Өте жақсы көремін. Қатты сағындым", - деп жазды Instagram парақшасында.

Анар Сейтімова жауынгерлік самбодан +80 кг салмақта бақ сынап, бірінші орын алды. 

 

Материалда: