Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қазақ әнұранын жаттап жатыр

03.07.2024, 11:18

Ол биылдан бастап әлемдік турнирлерде Қазақстан намысын қорғайтын болады

Чемпионат

Жуырда ғана Қазақстан азаматтығын алған ресейлік танымал спортшы Софья Самоделкина Қазақстанның әнұранын жаттауға кірісті деп жазады РИА Новости.

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Ресейдің күміс жүлдегері, әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері Самоделкина биыл мамыр айында Қазақстан азаматтығын алған болатын. Оның бұл әрекетіне қатысты Ресейдің спорт қауымдастығы көп сын айтқанымен, қолдаушылар да табылып жатты.

17 жастағы Самоделкина төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын аз спортшының бірі. Ол биылдан бастап әлемдік турнирлерде Қазақстан намысын қорғайтын болады.

«Әнұранның сөзін жаттауды бастадым. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеп кететініме күмәнданам, бірақ барымды салып тырысамын», - деді Самоделкина РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.