Спорт министрі мен ҰОК басшысы спортшыларға сәттілік тіледі
Париждегі Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында спорт және туризм Министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы Геннадий Головкин олимпиада қалашығына барып, спортшылармен кездесті.
Ермек Маржықпаев пен Геннадий Головкин Қазақстан атлеттерінің олимпиадалық қалашықтағы жағдайымен танысты. Сондай-ақ, спортшылармен кездесті.
Спорт министрі мен ҰОК басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы Олимпиадада табысты өнер көрсетуге тілектестік білдірді.
Айта кетейік, біздің спортшылар қатысатын алғашқы бәсекелер бүгін басталды. 25 шілдеде садақ атушылар іріктеуден өтуде.
Париж Олимпиадасына спорттың 25 түрінен 80 қазақстандық спортшы жолдама алды. Ойынның ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.