Қазақ боксшылары жекпе-жекке 28 шілдеден бастап шығады
Бокстан Олимпиада ойындарында ерлер және әйелдер арасындағы жекпе-жектердің жеребесі тартылды. Енді спортшылардың жарыс кестесі шықты.
Бокс бәсекесі 27 шілдеде басталады. Қазақ боксшылары жекпе-жекке 28 шілдеден бастап шығады.
28 шілде
00.52 (Астана уақытымен).
63, 5 келі:Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Ойер Ибаречче (Испания)
14.48.
92 келі. Айбек Оралбай - Олайтан Олаоре (Нигерия)
18.46.
71 келі. Асланбек Шымбергенов - Зеяд Еашаш (Иордания)
19.50.
50 келі. Назым Қызайбай - Джордана Сорентино (Италия)
30 шілде
00.36.
92 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Гхадфа (Испания)
19.18.
80 келі. Нұрбек Оралбай - Каллум Петерс (Австралия)
23.00.
51 келі. Сәкен Бибосынов - Самет Гюмюш (Түркия).