«Жылап жібердім». Қазақстанға қола сыйлаған Исламның әжесі қуанышымен бөлісті

Редактор
27.07.2024, 16:37

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері  атанды

ҰОК

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы қола медаль салған Ислам Сәтбаевтың әжесі «Qazaqstan» арнасына сұхбат беріп, қуанышымен бөлісті.

«Жүрегім қуаныштан сыймай бара жатыр. Спортпен неше жылдан бері айналысып келеді. Өзі жарысқа шығар алдында қатты қобалжиды. Үздіксіз дайындалды. Алда жекелей сында бақ сынайды. Александра Ле екеуіне бүгін жанкүйер болдық. Немеремнің жеңісін көріп, жылап жібердім», - дейді спортшының әжесі.

Еске сала кетсек, Ислам Сәтбаев пен Александра Ле пневматикалық оқ атудан сайысқа түсіп, Германия құрамасын жеңді. Қола жүлде үшін Қазақстан мен Германия командасы арасындағы тартыс 17-5 есебімен аяқталды.