Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлде Қазақстан қоржынына түсті

27.07.2024, 13:49

Отандастарымыз Германия құрамасынан басым түсті

Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлде Қазақстан қоржынына түсті
olympic.kz

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды. 

Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті. 

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті - былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың қарастырылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам