Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Алтынға таласады»: гимнаст Нариман Курбанов пен Милад Карими финалдық кезеңге жолдама алды

Редактор
28.07.2024, 01:23

Олар үш жаттығу бойынша ел намысын қорғайды

olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын Нариман Курбанов пен Милад Карими жарыстың іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Курбанов гимнастикалық атта өнер көрсетуде Олимпиада алтыны үшін таласады. Іріктеу кезеңінде ол 15.000 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Жекелей сында финалға сегіз гимнаст шыққанын айта кету керек.

Карими болса жекелей көпсайыста финал жолдамасын алған. Сонымен қатар, ол еркін жаттығуда да медальға таласатын болады.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары Қазақстан командасы үшін сәтті басталды. Алдымен пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден қола медаль жеңіп алсақ, дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына алтын медаль салды.

Жарнама
Жарнама