Олимпиада кестесі: бүгін Асланбек Шымбергенов пен Айбек Оралбай рингке шығады

Редактор
28.07.2024, 09:48

Сондай-ақ 50 келі салмақта Назым Қызайбай шаршы алаңға көтеріледі

Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының екінші жарыс күні. Үш боксшымыз рингке көтеріледі.

Еліміздің атынан Олимпиада ойындарына бадминтон спортынан алғаш рет Дмитри Панарин қатысады.

Кешегі жарыс күнінде командалық сында Олимпиаданың қола жүлдесін алған Александра Ле мен Ислам Сәтпаев пневматикалық оқ атудан жекелей сында бақ сынайды. Сондай-ақ Арина Алтухова мен Константин Малиновский жарыс жолына шығады.

Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев, 1/4 финалға шығу үшін жұбыныш сынында бақ сынаса, 66 келі салмақ дәрежесінде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада ойындарының жүлдесіне таласады.

Семсерлесуден жекелей сында Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов және Эльмир Әлімжанов өнер көрсетеді.

Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71келі) Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңда бақ сынайды.

Сонымен қатар, 50 келі салмақта Назым Қызайбай шаршы алаңға көтеріледі.

Астана уақытымен жарыс кестесі:

11:30 Бадминтон. Ерлер. Іріктеу Дмитрий Панарин – Кента Нишимото (Жапония)

12:15 Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка 10 метр. Іріктеу Александра Ле, Арина Алтухова

13:00 Дзюдо. Ерлер. Алдын ала іріктеу 66 келіге дейін. Ғұсман Қырғызбаев – Давид Гарсия Торне (Испания)

13:00 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. Алдын ала іріктеу кезеңі Вадим Шарлаимов – Гарри Санер (Оңтүстік Африка)

14:15 Оқ ату. Ерлер. Пневматикалық винтовка 10 метр. Іріктеу Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев

14:48 Бокс. Ерлер. 1/8 финал 92 келіге дейін. Айбек Оралбай – Адам Олаоре (Нигерия)

15:00 Теннис.

15:50 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. 1/16 финал Руслан Курбанов – Хуссам Эль Корд (Марокко)

16:40 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. 1/16 финал Эльмир Әлімжанов – Луиджи Миддлтон (Франция)

18:46 Бокс. Ерлер. 1/16 финал 71 келіге дейін. Асланбек Шымбергенов – Зеяд Ишаиш (Иордания)

19:50 Бокс. Әйелдер. 1/16 финал

50 келіге дейін Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия).