Қазақстан спортшысы әлемнің үздік жас балуандары қатарына қосылды

Редактор
29.11.2023, 16:46

Бұл тізімде барлығы 5 балуан ғана бар

olympic.kz

Біріккен күрес әлемі қауымдастығының (UWW) әлеуметтік желідегі ресми парақшасында әлемнің ең жас бес үздік балуанын атады. Оның қатарында Қазақстан құрамасының мүшесі Ризабек Аймұқан да бар.

UWW негізінен еркін күрестен – 2, әйелдер күресінен – 2 және грек-рим күресінің 1 балуанын таңдап, тізімге қосқан. Олардың арасында Бахрейн атынан күрескен дағыстандық Ахмет Тажудинов (97 кг) және Ризабек Айтмұқан (92 кг) сынды еркін күрестен әлем чемпиондары бар. Сондай-ақ, америкалық Амит Элор (72 кг) мен жапон қызы Акари Фуджинами (53 кг), әзірбайжандық грек-рим күресінің шебері Хасрат Жафаров сынды спортшысы енген.

Әзірбайжан балуанының басқа спортшылар биыл әлем чемпионы атанды. Ал, Хасрат көктемде Загребте өткен Еупопа чемпионатында 67 келіде топ жарғанымен, Белградта күміс жүлдені иеленді.

UWW тарапы олардың қайсысы алғаш болып Олимпиадада үздік атануы мүмкін дегенді алға тартқан.

«Жұлдызы жарқырап келе жатқан осы бес балуанға ерекше назар салу керек. Олардың арасынан кім Олимпиада медалін бірінші болып жеңіп алу мүмкін?», - деп жазылған аталған жазбада.

Бұған дейін еркін күрестен қазақтың тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның олимпиадалық салмаққа ауысқаны белгілі болды. Ол алда 97 келіде ел чемпионатына қатысып, лицензиялық жарысқа қатысуы әбден мүмкін.