“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Жеке бапкері келе алмаған». Өзбек бапкері қырғызстандық боксшыға секундант болды

05.08.2024, 18:10

Қырғызстандықтар өзбек маманына алғыс білдіріп жатыр

«Жеке бапкері келе алмаған». Өзбек бапкері қырғызстандық боксшыға секундант болды
Видеодан кадр

Олимпиада ойындарында Орталық Азия елдері өкілдерінің бір-біріне қолдау көрсеткені қызу талқыға түсті.

Қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлының жеке бапкері виза мәселесі шешілмей, Париждегі аламанға уақтылы жете алмаған. Дегенмен қырғыз былғары қолғап шебері жалғыз қалған жоқ. Оған жартылай финалдық кездесуде өзбекстандық бапкер Акмал Хасанов секундант болды.

Қырғызстандықтар өзбек маманына алғыс білдіріп, Акмал Хасанов Орталық Азия елдерінің өзара татулығын паш етті деп отыр. 

Ал қырғыз боксшысының жеке бапкері Беганас Сұлтанбаев жекпе-жекте шәкіртінің қасында бола алмағанына өкініш білдіріп, Қырғызстанның Ұлттық олимпиада комитеті болашақта визаға қатысты мәселелерді ертерек шешеді деп үміт білдірді.

Олимпиадаға арналған PARIS промокоды бойынша 20 000 ₸ бонус алыңыз!

Париждегі Ойындардың ашылуына орай, FONBET жаңа клиенттерге арнайы Олимпиадалық бонус 20 000 ₸ ұсынады!

Қалай алуға болатынын жоғарыдағы суреттен оқыңыз және PARIS промокодымен мына сілтеме арқылы тіркеліңіз: http://www.fonbet.kz/s/Rb4Irh

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам