Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында қырғыз балуанынан ұтылды

Редактор
08.08.2024, 15:05

Бұған дейін Азамат Дәулетбеков те бірінші айналымда жеңіліп қалған

olympic.kz

Париж Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіде күрескен қазақ балуаны Мейрамбек Қартбай алғашқы айналымда ұтылып қалды.

Ол Қырғызстан спортшысы Бекзат Алмазұлымен күресіп, 4:1 есемен жол берді. Кездесу барысында отандасымыз алғашқы ұпайды иленгенімен, соңынан қырғыз балуаны 4 ұпайға қол жеткізді. Қалған уақыттарда ол қажетті ұпайды иелене алмады.

Енді қырғыз балуаны екінші айналымда АҚШ балуаны Ли Спенсермен күреседі. Ли – 57 келідегі үздік балуандардың бірі. Егер қырғыз балуаны финалға жетпесе отандасымыз жүлде үшін жұбаныш белдесуінен тыс қалады.

Бұған дейін 86 келіде бозкілемге шыққан Азамат Дәулетбеков бірінші айналымда АҚШ балуаны Аарон Брукстан 4:3 есебімен ұтылған еді.