Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды

Редактор
10.08.2024, 23:06

Қола жүлде алу үшін ол алдымен Иран, кейін АҚШ балуандарын жеңуі тиіс

olympic.kz

Париж Олимпиадасында бүгін ширек финалда Бахрейн балуаны Ахмед Тажудиновке есе жіберген Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуін өткізеді. Өйткені, Тажудинов жартылай финалда әйгілі америкалық Кайл Снейдерді жеңіп, финалға шығып отыр.

Маңызды белдесуде дағыстандық легионер АҚШ балуанын белдесудің бірінші кезеңінде 2:1 есебімен ұтса, екінші бөлігінде нәтижені 6:4-ке жеткізіп, финалға өтті.

Айта кететін жайт, Ахмед Тажудинов былтыр әлем чемпионатында Олимпиада чемпиондары Кайл Снайдер мен Абдулрашид Садулаевты ұтып, жеңімпаз атанған болатын.

Енді Әлішер Ерғали жабаныш белдесуінде Иран балуанымен белдеседі. Егер басым түссе, қола жүлде үшін Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен Париждегі ойындарынды үшінші орнына таласады.