«Өзімізбен бірге тамағымызды алып келдік». Елдос Сметов Токиодағы Grand Slam турниріне келді

Редактор
30.11.2023, 14:53

Жарысқа 88 елден 527 балуан қатысады

Prosports.kz

Екі күннен кейін Жапония астанасы Токиода дзюдодан Гранд Слэм бәсекесі басталады. 2-3 желтоқсан күндері өтетін сында Қазақстан атынан 20 дзюдошы белдеседі.

Дүбірді жарысқа аттанған спортшылар Токиоға жетіп, қазіргі уақытта бейімделу барысында екені белгілі болды. Ұлттық құрама мүшесі Елдос Сметов жарыс алдындағы көңіл күйімен бөлісті.

«Қайырлы күн! Токиоға аман жеттік. Біз Жапонияға өзіміздің тамағымызды көтеріп келдік», - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аталған турнир биылғы маусымның соңғы бәсекесі болғалы отыр. Бұл сында әлемнің 88 елінен 527 дзюдошы күресетіні белгілі. 

Ал Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей: 

Ерлер:

– 60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов

– 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрзат Сәлімбаев

– 73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов

– 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев

– 90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков

– 100 келі: Бекарыс Сәдуақас, Нұрлыхан Шархан

– +100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

– 48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

– 63 келі: Эсмигүл Куюлова

– 70 келі: Екатерина Токарева

– + 78 келі: Назгүл Маратова, Камила Берліқаш

Материалда: