Қазақстан ауыратлеттері Доха гран-приінде сынға түседі

Редактор
01.12.2023, 10:57

Үздік нәтиже көрсеткен атлеттер Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайларды еншілейді

olympic.kz

Желтоқсан айында Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан өтетін гран-при бәсекесіне қатысатын Қазақстан спортшыларының тізімі белгілі болды. Олардың арасында арасында Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Уланов та өз әлеуетін байқап көрмек.

Азия құрлығында өтетін ауқымды жарыс желтоқсанның 4-14 күндері аралығында өтеді. Гран-при турниріне Қазақстан сапынан 13 атлет қатысатыны анықталды. Олардың қатарында Айнұр Әбдіхалықова (45 кг), Дарья Балабаюк (59 кг), Сайрамкез Ақмолда (67 кг), Әлібек Рахымберді (73 кг), Әли Нұрбай (73 кг), Айша Омарова (76 кг), Арай Нұрлыбекова (81 кг), Денис Уланов (81 кг), Асылжан Бектай (89 кг), Еламан Сейтқазы (89 кг), Кирилл Староверкин (96 кг), Әлішер Сейтқазы (102 кг), Сұлтан Мейрам (109 кг) сынды атлеттер бар.

Дохадағы додада үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға Париж олимпиадасына жолдама беретін рейтингілік ұпайларды үлестіреді.