Олимпиадаға қатысудан бас тартқан Юлия Путинцева жаңа жарыста жеңіске жетті

Редактор
14.08.2024, 10:06

Енді Путинцева келесі кезеңде әлемнің екінші ракеткасымен кездеседі

Sports.kz

Әлемнің 34-ші ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева WTA 1000 санатындағы АҚШ-тың Цинциннати турнирін жеңіспен бастады.

Ол британиялық Харрье Дартпен кездескен. Бірінші сетте қарсыласы 6:4 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін Путинцева күш алып, камбэк жасады. Екінші кезең 6:0 есебімен «баранка» болды. Үшінші сетте де тек қарсыласына бір гейм беріп, 6:1 есебімен аяқтады.

Енді Путинцева келесі кезеңде 2023 жылғы US Open жеңімпазы, әлемнің екінші ракеткасы Кори Гауффпен кездеседі. 

Айта кетейік,Париж Олимпиадасында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қатыспай қалған болатын. Екеуі де жарысқа бір күн қалғанда денсаулығының сыр бергенін айтқан. Рыбакина бронхит болғанын айтса, Путинцеваның аяқ жарақаты кортқа шығуға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген еді. Бұл халықтың арасында үлкен резонанс тудырып, екеуі әбден сынға ұшырады.