Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады
Грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша жаңа қызметке тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы құрамада өнер көрсеткен балуан енді Алматы облысындағы қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры қызметін атқармақ. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Спортшы жаңа қызметке кіріскен соң ұлттық құрамадағы әріптестері құттықтау лебіздерін білдірді. Қорлан Жақанша биылғы 1 наурызда Қонаев қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт-мектебі директорының тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары лауазымына бекітілген болатын. Ол 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында 55 келіде күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері.