Отыздан асып Олимпиадада атой салған қазақ спортшылары кездесті

Редактор
15.08.2024, 19:38

Олимпиада жүлдегерлерін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы тиіс болған

instagram.com/Назым Қызайбай

Париж Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшылар Астанада кездесіп, бірге түскен суреттерін әлеуметтік желіде жариялады.

Боксшы Назым Қызайбай жүктеген суреттің фонында әйгілі «30-дан асып барамын» әні қойылған. Өйткені фотодағы төртеуі де 30-дан асқандар.

Атап айтсақ, Елдос Сметов (дзюдо, алтын медаль, 31 жаста), Демеу Жадыраев (грек-рим күресі, күміс медаль, 34 жаста), Назым Қызайбай (бокс, 30 жаста, қола медаль), Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо, қола медаль, 31 жаста).

«Музыка дәл қойылыпты», «Назым да машинаға лайық», «Бұл Олимпиадада 30-дан асқандар жарды», «Спортшылардың осылай дос болғаны керемет»,- деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Олимпиада жүлдегерлерін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы тиіс болған. Бірақ бес адамнан коранавирус табылып, салтанатты шара кейінге шегерілді.