300 миллион қарызға батқан Хабиб Нұрмағамедов сүйінші жаңалығын жеткізді

Редактор
16.08.2024, 15:10

Оның есепшоттары мен қайырымдылық қорының есепшоты бірге бұғатталған еді

Getty Images

Әлемнің ең үздік файтерлерінің бірі Хабиб Нұрмағамедов Ресей салық қызметі алдындағы 300 миллион рубль көлеміндегі қарызынан толық құтылды. 

Хабиб Нұрмағамедов Ресей федералдық салық қызметіне 297 миллион рубль қарыз болуына байлансыты есепшоттары мен қайырымдылық қорының есепшоты бірге бұғатталған еді.  Атақы дтағыстандық спортшы салық қызметіне 302 миллион рубль төлеп, қарызынан толық құтылған. 

«Расымен де Хабиб Нурмагомедовке қатысты тергеу жүргізілді. Осы уақыт ішінде біз Федералдық салық қызметімен сындарлы жұмыс жүргіздік, барлық қажетті құжаттарды белгіленген тәртіпте, жоғары тұрған салық органына шағыммен қамтамасыз еттік, ол барлығын тексеріп, дәлелдерімізді қабылдады. Бізде құқықтық нормаларды түсіндіру тұрғысынан алғанда, шамамен 26 миллион рубль мөлшеріндегі салық туралы күрделі сұрақ туындады. Заңгерлер мен салық органының пікірі екіге жарылды, бірақ тағы да сындарлы жұмыстардың арқасында және құзырлы салық органының тексеруінен кейін біз жоғарыда аталған соманы барлық айыппұлдармен белгіленген тәртіпте төледік. Бізде ешқашан салықты төлемеу немесе жалтару оқиғасы болған емес. Заңмен белгіленген соманы ақыры төлеу үшін салық органының шешімін шыдамдылықпен күттік. Жағдай шын мәнінде кез келген азаматтың басынан өтуі мүмкін. Бірақ, өкінішке қарай, бұл оқиға бүкіл әлемді шулатты», – деді UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Ризван Магомедов.