Ұзақ жыл ұлттық спортты басқарған Назарбаевтың немере інісі түрмеден шығады

Редактор
16.08.2024, 16:16

Қайрат Сатыбалды 700 миллиард теңгеден астам ақша мен мүлікті өз еркімен қайтарған

әлеуметтік желі

Ұзақ жыл ұлттық спорт түрлері қауымдастығын басқарған, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдының үкімі өзгерді.

Бас бостандығынан айыру орнындағы мерзім бостандықты шектеуге ауыстырылды.

Өз өтінішінде ол келтірілген залалды өтегенін, сондай-ақ мемлекетке 700 миллиард теңгеден астам ақша мен мүлікті өз еркімен бергенін мәлімдеген.

«Кез келген азамат үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік болуға тиіс. Халқымызда сөз бар, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» деген. Мен жасаған қателіктерімді мойындаймын. Маған қатысты қылмыстық іс бойынша мен органдарға көмектесіп, бүкіл заңсыз қаржыны қайтарып жатырмын. Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару – елдің ырысын өзіне қайтару деп білемін. Бұл – мемлекет басшысы қабылдаған маңызды шешімдердің бірі. Мұндайды көрген соң, ендігі жерде ешкім елдің ырысын сыртқа шашпайды», - дейді Қайрат Сатыбалды.

Сот оның өтінішін қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге ауыстырды. Ол пробациялық бақылауға алынады.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 1998 жылы республикалық Ат спорты феде¬рациясының президенті болды. Ал 2004 жылы Ат спорты федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығы болып қайта құрыл-ды. Сол кезде де басшы болып Қайрат Сатыбалды тағайындалды. Кейінгі жылдары қауымдастыққа Бекболат Тілеухан президент болып, Қайрат Сатыбалды құрметті президент қызметін атқарды. 2022 жылы Назарбаевтың немере інісі ұсталған соң, қауымдастық тізгіні Исламбек Сәлжановқа табысталды.

Материалда: