Абиба Әбужақыноваға демеушілер үшінші рет автокөлік сыйлады

Редактор
23.08.2024, 01:21

Дзюдошы қыз Париж Олимпиадасынан жүлде ала алмай қалған болатын

instagram.com/abiba48/

Дзюдодан Париж Олимпиадасына қатысып, бесінші орынға тұрақтаған Абиба Әбужақынова демеушілер үшінші рет көлік мінгізді.

Атап айтқанда, «Жеңіс» дзюдо клубының президенті Алмаз Әлсенов өз атынан танымал дзюдошыға су жаңа BMW Х3 кроссоверін сыйлады.

Ризашылық білдірген спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қуанышын көппен бөлісті.

«Бүгінгі көлік мені бұдан кейін де тоқтамауға, тынбай еңбектенуге тағы бір себеп деп ойлаймын, челлендж деп қабылдаймын. Олимпиада ойындары менің өмірімді түбегейлі өзгерткені анық. Соған қарамастан барлығы мені қолдап, жылы лебіздерін аяп жатқан жоқ. Бұл – бір күндік емес, көп жылдық еңбегімнің, маңдай теріммен, тынымсыз жаттығулардың нәтижесінде жеткен сый деп қабылдаймын. Бәріңіздің қолдауларыңызға ризамын! Әлі-ақ сіздердің үміттеріңізді ақтап, қолдауларыңыздың өтеуі ретінде жеңісті жолды жалғастырамын деп уәде беремін», - деп жазды дзюдошы.

Бұған дейін Абиба Әбужақынова Мәжіліс депутаты Kia автокөлігін сыйласа, Атырау облысында жергілікті кәсіпкерлер Zeekr электромобилін тарту етті. Араға апта салмай Әбужақынова демеушілер есебінен үшінші көлігін мініп отыр. 

Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері 48 келіде жыл басынан бері тәуір өнер көрсеткен еді. Ол өзі қатысқан 7 жарыстың бесеуінде жүлде алса, екі рет бесінші орынға ие болды.

Парижде жартылай финалға дейін шығып, шешуші сәтте есе жіберген отандасымыз қола жүлде үшін күресте Швеция дзюдошысынан ұтылған еді. Татамиге шығып, жарақат алған дзюшының жылағаны талай жанкүйердің көңілін босатты.