Өзбекстан мен Қырғызстанның спортқа бөлген ақша көлемі белгілі болды
Спорт журналисі Иван Резванцев өзінің Telegram арнасында Орталық Азия елдерінің спортқа салған ақшасы мен Париж Олимпиадасындағы көрсеткіштерін салыстырып көрді.
Қазақстан
2023 жылы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мемлекеттің осы салаға жұмсап жатқан қаржысының сомасын айтты. Былтырғы маусымда Қазақстан 300 миллиард теңгені спортқа бөлген (626, 9 миллион доллар). Оның ішінде 62 миллиарды республикалық бюджеттен, 200 миллиарды жергілікті бюджеттен, 29,5 милиларды Sport Qory арқылы берілген. Париждегі нәтиже: Қазақстан бір алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншіледі.
Өзбекстан
2024 жылы қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев республикалық бюджеттен спортқа деп 2 триллион сум (158 миллион доллар) бөлді. Париждегі нәтиже: Өзбекстан құрамасы тарихи рекорд жасап, 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншіледі. Жалпы командалық есеп 13-орын алды.
Қырғызстан
Биылғы жылы Қырғызстан бюджеттен 1,9 миллиард сом (22, 2 миллион доллар) қаржыны спортқа жұмсады. Париждегі нәтиже: 2 күміс, 3 қола медаль. Сондай-ақ Asia-Plus арнасы Тәжікстанды да қосқан екен.
Тәжікстан
Тәжікстан мемлекеттік бюджеттен спорт және мәдениет саласына 2024 жылы 1,71 миллиард сомони бөлген. Оны қақ бөлетін болсақ, 858 миллион сомони болады. Бұл 80, 4 миллион доллар. Париждегі нәтиже: Тәжікстан 3 қола медальға ие болды.