Бапкерін ауыстырған Елена Рыбакинаның US Open-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

Редактор
23.08.2024, 11:31

26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында теннистен АҚШ ашық чемпионты өтеді

ҰОК

26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында теннистен АҚШ ашық чемпионты өтеді. Осы орайда аталған турнирдегі қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары да анықталды. 

Елена Рыбакина - Дестани Айява (Австралия, 134-ракетка).
Юлия Путинцева - Линда Носкова (Чехия, 35-ракетка).
Александр Бублик - Шан Жунчэн (Қытай, 77-ракетка).
Александр Шевченко - Доминик Кёпфер (Германия, 80-ракетка).
Тимофей Скатов - Хуберт Хуркач (Польша, 7-ракетка).

Айта кетелік, Тимофей Скатов US Open турнирінің негізгі айналымына іріктеу сайыстары арқылы жолдама алды.
Еске салсақ, бүгін Елена Рыбакина өзінің бас бапкері Стефано Вуковпен келісімшартын үзген болатын.