Допинг дауымен аты шыққан бапкер Алексей Ни жазаланды

Редактор
23.08.2024, 18:06

Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор төрт жылға шеттетілмек

ҰОК

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни уақытша спорттық қызметтен шеттетілді. Мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) қабылдаған.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы ITA-дің Ниді өмір бойына спорттан шеттету туралы жоспары бар екені туралы хабарлама жібергенін растады. Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор төрт жылға шеттетілмек.

Айта кетейік, Қазақстан допингтің расталуына байланысты алты бірдей алтын медальден айырылды.
Бейжің-2008: Илья Ильин
Лондон-2012: Илья Ильин, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова
Рио-2016: Нижат Рахимов 

Бұған дейін ITA төрт қазақстандықты өмір бойына спорттан дисквалификациялаған: 
Ольга Терешкова-Цикунова – жеңіл атлетика, үш допинг жағдайы 
Фаина Сиванбаева – ауыр атлетика, үш допинг жағдайы 
Тимур Хабибуллин - теннис, 21 келісілген матч бойынша айыпталды

Естеріңізде болса, Ни Қазақстан құрамасын 1994 пен 2016 жылдар аралығында баптады. Риодан соң ресми түрде жұмыстан кетті.