Абу Даби турнирінде Шамшадин мен Сүйеукенов ширек финалға шықты

Редактор
11.10.2024, 13:45

Енді Мағжан Шамшадин Өзбекстан балуанымен белдеседі

ҰОК

Абу Даби Гранд Слэмінде бүгін жарыс жолына шыққан қазақстандық екі балуан ширек финалға жолдама алды.

60 келіде белдескен Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуінде грузин балуаны Ника Хузаурашвилиді уақытынан бұрын ұтса, осы салмақтағы тағы бір балуан Дәурен Сүйеукенов 1/8 финалда әзірбайжандық Балабай Акчаевтан варази ұпайымен басым түсті. Сүйеукенов бірінші белдесуінде Молдова балуанын жеңген болатын.

Енді Мағжан Шамшадин жартылай финалға шығу үшін Өзбекстан балуаны Самариддин Кучкаровпен белдеседі. Ал Дәурен Сүйеукеновтің ширек финалдағы қарсыласы IJF құрамасынан белдесетін Изнаур Сааев болмақ.

Ал 66 келіде татамиге шыққан Әділбек Берікұлы өзбекстандық дзюдошыға есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.

Енді әйелдер арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова IJF құрамасының балуаны Марина Воробьевамен шеберлік байқасады.