Өзбектің атақты миллиардері халықаралық спорт федерациясын басқармақ

Редактор
29.10.2024, 15:37

Әзірге федерацияны грек Эммануэль Кациадакис басқарып жүр

Forbes.ru

Өзбекстанда дүниеге келген, қазіргі кезде Ресей азаматы, Форбс тізіміндегі мультимиллиардер Әлішер Усманов Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) президенттігіне кандидатурасын ұсынды.

Ол бұл ұйымды 2008-2022 жылдар аралығында басқарып кеткен. Кейін Ресей Украинаға соғыс ашқан соң, 2022 жылдың наурызында Еуропа Одағы тарапынан салынған санкцияларға байланысты өкілеттігін тоқтатты.

IE ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Усмановтың кандидатурасын Ресей, Беларусь, Сербия және Қытайды қоса алғанда, 103 елдің ұлттық федерациялары қолдағанын жазды. Усмановтың жалғыз қарсыласы швед Отто Дракенберг болмақ. Оның кандидатурасын тек Швеция ғана қолдады.

Жаңа президент 30 қарашада ұйымның Ташкентте өтетін съезінде сайланады. Әзірге федерацияны грек Эммануэль Кациадакис басқарып жүр.

 

Материалда: