Елге оралған белгілі спортшыға құрмет көрсетілді
Еркін күрестен Тиранада әлем чемпионы атанған қазақстандық Нұрқожа Қайпановқа демеушілер су жаңа көлік мінгізді.
Елге оралған белгілі спортшыға меценат Ерлан Қожасбай құрмет көрсетіп, ZEEKR 001 көлігін тарту етті.
«Әлем чемпионы атануыңмен құттықтай отырып, өзіңе, бапкерлеріне алғыс білдіремін. Осы жолда аянбай тер төгіп жүрсің. Оған өзім де куәмін. Біздің күрес академиясының шәкірті екеніңе мақтанамыз. Өзімнің, «Сәду-Аренаның» атынан сыйлық бергіміз келеді», - деді Ерлан Қожасбай.
70 келіде белдесетін Қайпанов Албания астанасында күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында топ жарған еді. Ол іріктеу кезеңдерінде Израиль, Молдова, Тәжікстан балуандарын ұтса, финалда Жапония спортшысынан басым түсті.