Өзбек спортшысы әлемнің ең үздік таеквондошысы атанды

05.12.2024, 13:08

Ең үздік бапкер атағы қазақ маманына берілген

Olympics

Гонконгта Дүниежүзілік таеквонда федарациясы (Word Taekwondo) таеквонда WT спорт түріндегі 2024 жылдың кіл үздіктерін марапаттады.

Айтулы іс-шарада «Ерлер арасындағы жылдың үздік спортшысы» атағы Өзбекстан өкілі Улугбек Рашитовке берілді. Ол – Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы: Токиода, кейін Парижде топ жарды.

Әйелдер арасында «Жылдың үздік спортшысы» болып венгриялық таеквондошы Вивиана Мартон атанды.

Айта кетейік, дәл осы марапаттау рәсімінде «Үздік бапкер» атағын Тунис мемлекетіне тарихи алтын сыйлаған қазақстандық маман Есбол Сұлтановқа табысталған еді.

Еске салайық, Париж Олимпиадасында Өзбекстан спортшылары барлығы 8 алтын медаль жеңіп алып, өз тарихында болмаған рекордты орнатты. Олардың бесеуін боксшылар қоржынға салса, қалған үш алтынды дзюдо, күрес және таеквондодан еншіледі.