WADA спортшылар қолдануға болмайтын дәрі-дәрмектер тізімін жариялады

Редактор
22.12.2023, 14:21

Тізімге енген препараттарды қолданған спортшылар жарысқа жіберілмейді не жарыстағы нәтижесі жойылады

Фото ашық дереккөзден

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) 2024 жылы тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізімін жариялады. 

Тыйым салынған тізім WADA кодексіне қол қойған барлық адамдар үшін міндетті халықаралық стандарттардың бірі болып отыр. Оның ішінде жарыс кезінде және одан тыс уақытта қолдануға тыйым салынған, сондай-ақ нақты спорт түрлерінде тыйым салынған заттар көрсетілген.

Сонымен қатар, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс бойынша халықаралық жаңа стандарттар және білім беру жөніндегі халықаралық стандарт күшіне енетін болды.

Olympic.kz-тің жазуынша, бұл туралы допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеген.

«Білім беру жөніндегі халықаралық стандарттың негізгі қағидасы спортшы тестілеу арқылы емес, оқу арқылы допингке қарсы білім алуы керек. Білім беру әділ спорт құндылықтарына сәйкес мінез-құлықты дамытуға және спортшылар мен басқа адамдардың допинг қолдануын болдырмауға көмектесуге бағытталған», - деп жазылған допингке қарсы ұлттық орталықтың ақпаратында.

Материалда: