Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жәмила Бақбергенова Қырғызстанның атақты балуаны Айпері Медетқызымен белдесуі мүмкін

Редактор
07.01.2025, 00:44

Азамат Дәулетбеков те әлемдік деңгейдегі балуанға қарсы тұрмақ

коллаж: 1bol.kz

Алматыда ақпан айында өтетін күрестен PWL турнирінде Ризабек Айтмұқан мен америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдердің күресуі мүмкін екенін бұған дейін жазған болатынбыз. Аталған турнирге сондай-ақ, Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков те қатысатыны туралы ақпарат тарады.

PWL-дың әлеуметтік желідегі парақшасында Жәмила Бақбергенованың қырғыздың балуаны Айпері Медетқызымен белдесуі мүмкін екені жазылған. Сондай-ақ, Азамат Дәулетбековке қарсылас ретінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Аарон Брукс (АҚШ) немесе ресейлік Ибрагим Кадиев ұсынылған.

Жәмила Бақбергенова – әлемнің төрт дүркін жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы және екі дүркін жүлдегері.

Айпері Медетқызы болса әлем чемпионатында бір рет күміс және бір рет қола медаль жеңіп алған. Әлем кубогінде де үшінші орын алды. Сонымен қатар, Азия ойындарының чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, үш дүркін күміс жүлдегері.

Азамат Дәулетбеков – әлемнің екі дүркін қола жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, екі дүркін жүлдегері. 

Жарнама
Жарнама