Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дзюдодан ұлттық құрама жаңа маусымдағы оқу-жаттығу жиынын бастады

09.01.2025, 15:28

Құрама командада әзірге Елдос Сметов жоқ

Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдошылар 2025 жылдың жаңа маусымдағы алғашқы жаттығуларын бастады. Оқу-жаттығу жиыны Астанада 9-19 қаңтар аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Дайындыққа 100-ге жуық татами шебері қатысып жатыр. Олардың қатарында 2024 жылғы ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Париж Олимпиадасының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпиондары Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбай, Гранд Слэм турнирінің чемпионы Ғалия Тынбаева, Азия ойынының жүлдегері Абиба Әбужақынова сияқты тәжірибелі спортшылар бар.

Айта кетейік, осы оқу-жаттығу жиынынан кейін іріктеуден өткен дзюдошылар Парижде өтетін Гранд Слэм турниріне аттанады. Айтулы жарыс 1-2 ақпан күндері өтеді.

Жарнама
Жарнама