Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Тарихи жеңіс: Қазақ жігіті фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

Редактор
10.01.2025, 14:48

Қазақстан құрамасы аталмыш спорт түрінен алғаш рет алтын медальға ие болды

ҰОК

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұлов Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы 97.11 ұпай жинап, үшінші аралық нәтижемен финалдық алтылыққа өтті. Дәл осындай ұпайды іріктеу кезеңінде канадалық Эллиот Бюрегар да жинаған болатын. Ал іріктеуден кейінгі көшбасшы Қытай спортшысы Юйхэн Ян болды – 101.79 ұпай.

Финалдық орындауында Дінмұхаммед 104.52 ұпай жинап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Екінші орынды Қытайлық Юйхэн Ян (101.79), ал қола медальді тағы бір қытайлық спортшы Чжичен Ян (94.82) иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталмыш спорт түрінен алғаш рет алтын медальға ие болды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: