Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Олимпиаданың бес дүркін чемпионы өрт кезінде медальдарынан айырылды

Редактор
10.01.2025, 12:11

Лос-Анджелесте 50 жастағы бұрынғы жүзуші балалар бапкері болып жұмыс істейді

Getty images

Америкалық жүзуші Гэри Холл Лос-Анджелестегі өрт салдарынан өзінің марапаттары мен мүлкінен айырылды.

Кіші Холл Пасифик-Палисейдс ауданындағы жалға алынған үйінен тек иті мен екі картинаны және инсулин алып үлгерген. Ал бес алтын, үш күміс және екі қола медалі қызыл жалын шарпыған үйде қалып қойған. Бұл туралы спортшының әкесі Гэри Холл өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Лос-Анджелесте 50 жастағы бұрынғы жүзуші балалар бапкері болып жұмыс істейді екен. Қазір ол Сан-Диегодағы отбасына кеткен.

Гэри Холл Атланта, Сидней және Афина олимпиадаларында бақ сынап, бес алтын, үш күміс және екі қола медаль иеленген. Соның ішінде 2000 және 2004 жылдары жекелей сында 50 метрге еркін стильде жүзуден жеңімпаз атанған.

Сонымен қатар ол эстафеталық команда сапында үш дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізген.

Жарнама
Жарнама