Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Мейірім Нұрсұлтанов Әлімханұлының басты қарсыласымен чемпиондық атаққа таласады

Редактор
23.01.2025, 16:57

Адамес пен Шираз жеңімпазы Нұрсұлтановпен кездеседі

©RCC Boxing Promotions

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) чемпиондық айқастарға қатысты шешімін жариялады.

Vringe.com мәліметінше, доминикандық Карлос Адамес (24-1, 18 КО) қатарынан екі рет чемпиондық белбеуін қорғауы тиіс. Өздеріңіз білетіндей, 22 ақпанда Адамес британиялық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) жұдырықтасады. Ал екінші үміткер ретінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) тағайындалған. Бұл дегеніміз Адамес пен Шираз жеңімпазы Нұрсұлтановпен кездеседі.

Бұған дейін Шираз Адаместен белбеуді тартып алатынын және сонан соң IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жұдырық түйістіргісі келетінін айтқан.

Ал Мейірімнің шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан асты. Ол 2023 жылғы 17 қарашада чилилік Хулио Аламоспен (16-3, 9 КО) қолғап түйістіріп, оны төрешілердің ортақ шешімімен жеңген.

Жарнама
Жарнама