Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан чемпионатында алты қазақ бокшысы жүлдегер атанды

Редактор
29.01.2025, 10:40

Этникалық қазақ спортшылары Өзбекстан ұлттық құрамасына қабылданды

©instagram.com/boxinguzbekistan_official

Ташкентте аяқталған Өзбекстан чемпионатында 6 қазақ боксшысы жүлдеге қол жеткізді. Бокстан 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен сында жергілікті этникалық қазақ спортшылары кезекті рет ұлттық құрама сапына енді.

Оның ішінде 63,5 келіде әлем чемпионы Руслан Абдуллаев пен 60 келіде Мадияр Данияров Өзбекстан чемпионы атанды. Сондай-ақ, Мадияр Сайдрахимов, Арман Маханов күміс жүлдеге ие болса, Саят Илясов пен Сабыржан Тастанов қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кететін жайт, ерлер мен әйелдер санаты бойынша ересектер арасындағы бокстан Өзбекстан чемпионаты 20-28 қаңтар аралығында өтті.

Турнирдің іріктеу кезеңі 21-25 қаңтар күндері өзбек астанасындағы олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлері дайындығы орталығының бокс ұйымдастырылса, жартылай финал мен финалдық жекпе-жектер 26-28 қаңтар күндері "Ренессанс Холл" ғимаратында жалғасты.

 

Жарнама
Жарнама