Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Азия ойындары: Қазақстан спортшылары тағы бір күміс пен бір қола медаль еншіледі

Редактор
10.02.2025, 10:00

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 5 күміс және 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді

olympic.kz

Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары жалғасып жатыр. Бүгінгі жарыс күнін қазақстандық спортшылар нәтижелі бастады. Алдымен фристайл-акробатикадан күміс медаль, артынша шаңғы жарысынан қола жүлде қоржынға түсті.

Алғашқылардың бірі болып жарыс жолына шыққан Қазақстанның фристайлшылары алтынға бір қадам жетпей қалды. Фристайл-акробатикадан аралас командалар арасындағы сайыста Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асылхан Асан 235,39 ұпай жинап, тек Қытай құрамасына ғана жол берді. Үшінші орында – Жапония командасы.

Ал, 10 шақырымдық шаңғы жарысында Олжас Климин мәре сызығын үшінші болып кесті және Азиаданың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 5 күміс және 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Жарнама
Жарнама