Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Албаниядағы күрестен әлемдік турнирдің бірінші күні қазақ балуандары үш медаль олжалады

27.02.2025, 01:18

Жарыс жолына әлі грек-рим күресі мен қыздар күресінің балуандары шығады

UWW

Тиранада (Албания) күрес түрлерінен әлемдік рейтингтік турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде өнер көрсеткен қазақстандық еркін күрес балуандары үш медаль олжалады.

Алғашқы медальді қоржынға 86 келіде күрескен Болат Сақаев салды. Ол бірінші айналымда өзге қазақстандық Данияр Қайсановтан басым түсті. Ширек финалда қырғыз балуаны Мухаммад Абдуллаевты 6:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда грузиялық Тариэль Гаприндашвилимен күресті. Тартысты белдесуде гүржі балуанын сан соқтырды (4:4 -:+). Финалда АҚШ балуаны Чендлер Марстеллерге есе жіберді.

Болат Сақаев бұған дейін 79 келіде күресіп келген. Сол салмақта 2023 жылы Азия чемпионатында топ жарған. Жаңа салмаққа ауысып, әлемдік үлкен додада алғаш рет медаль олжалап отыр.

86 келіде күрескен тағы бір қазақстандық Рустам Мырзағалиев қола медаль алды. Үшінші орын үшін күресте ол польшалық Себастьян Езержанксиден айласын асырды. 

Одан бөлек 61 келіде сынға түскен Мұхамед Балғабай да қола жүлдеге ие болды. Балғабай қола медаль үшін белдесуде Болгариялық Стилян Илиевті 7:0 есебімен қапы қалдырды.

Айта кетейік, турнир 2-наурызда аяқталады.

Жарнама
Жарнама