Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ташкент Гранд Слэмінде белдесетін қазақ дзюдошыларының қарсыластары белгілі болды

Редактор
27.02.2025, 16:29

Жарыс 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтеді

t.me/kazjudoteam

Дзюдодан Ташкентте өтетін Grand Slam турнирінде белдесетін Қазақстан құрамасы балуандарының қарсыласы анықталды. Бұл сында ерлер және әйелдер санаты бойынша Қазақстан құрамасы сапында 20 дзюдошы белдеседі.

60 келіде Нұрәділ Әлжан алғашқы белдесуінде Камолиддин Бахтиёровпен белдеседі. 66 келіде Ержан Еренғайыпов бірінші айналымда БАӘ-нің спортшымен кездессе, бұл салмақтағы тағы бір отандасымыз Ердәулет Бозша, 73 келіде Есет Қуанов өзбек балуандарымен күреседі. 73 келіде Бақытжан Әбдірахманов тәжікстандық Мухиддин Асодуллоевпен ширек финал жолдамасын сарапқа салса, 80 келіде Абылайхан Жұбаназар да тәжік балуанымен шеберлік байқаспақ.

90 келіде Айдар Арапов 1/8 финалда қытайлық Сонг Жиазбен жолы түйіссе, Әнуарбек Ермахан тәжік балуанымен өзара мықтыны анықтайды. -100 келіде Бейбіт Мәдеев пен Марат Байкамуровтың алғашқы айналымда Өзбекстан құрамасының өкілдерімен күреседі.

+100 келіде бапкерлер Еламан Ерғалиевке сенім артып отыр. Қызылордалық балуан Эстония дзюдошысымен шеберлік байқасып, басым түскен жағдайда өзбек балуанымен ширек финалға шығу үшін сынға түседі.

Әйелдер арасында 48 келіде Диана Бүркеева ресейлік балуанмен күреспек. Ал бұл салмақтағы Ғалия Тынбаева алғашқы айналымда бос. Ол Тәжікстан мен Қытай балуандары жұбының жеңімпазымен кездесуі тиіс.

52 келіде Құндыз Жылқыбай мен 63 келіде Есмигүл Құйылованың алғашқы қарсыласы Испания спортшылары, 57 келіде Бақыт Құсақбаева. 70 келіде Кристина Сотникова, 78 келіде Аруна Жангелдинаның қарсыластары IjF құрамасының өкілдері болғалы отыр. Аса ауыр салмақта Назгүл Маратова тәжікстандық Виктория Кисилевамен күресетін болды.

Айта кететін жайт, Ташкентте әлемдік Grand Slam жарысы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтеді. Бұл сынға 24 елден 300-ге жуық татами шебері бақ сынайды деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама

Материалда: