Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

Редактор
28.02.2025, 09:50

Отандасымыздың келесі қарсыласы әзірге белгісіз

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Омарханов екінші айналымда италиялық Лука Констаньоланы 7:5, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Ширек финалда Әмір франциялық Шарль Бертимонмен немесе турнирдің бірінші ракеткасы саналатын германиялық Том Гентцпен кездеседі.