Қазақстан құрамасы құрлық бәсекесіне толық құрамда қатысады
25-30 наурыз аралығында Иордания астанасында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандардың есімі белгілі болды.
Бұған дейін Біріккен күрес әлемі өз сайтында алдын ала тізімді жариялаған болатын. Енді еліміздің Күрес түрлері федерациясы нақты және соңғы тізімді бекітті.
Еркін күрес балуандары арасында әлем чемпиондары Ризабек Айтмұқан мен Нұрқожа Қайпанов бар. Сондай-ақ, команда көшбасшыларының бірі Азамат Дәулетбеков те құрлық бәсекесінде бағын сынайды.
Еркін күрес балуандары:
Грек-рим күресінің шеберлері де қазіргі таңда Азия чемпионатына қызу дайындалып жатыр. Федерация 10 салмақ дәрежесінде де балуан апаруды жоспарлауда. Қатарда бұрын құрлық біріншілігінде топ жарған Мейіржан Шермағанбет, Әлімхан Сыздықов және Ибрагим Магомадов бар. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан азаматтығын алған ресейлік Легионер Шамиль Ожаев та Амманға барады. Ол 2024 жылы ел кубогында чемпион атанған болатын.
Грек-рим күресі балуандары:
Қыздар құрамасынан Азия чемпионатына баратын балуандардың тізімін бұған дейін жариялаған болатынбыз.