Жәмила Бақбергенова бастаған қазақстандық балуандар Азия чемпионатына қатысады

09.03.2025, 17:08

Құрама сапында ардагер балуан Елена Шалыгина да бар

Жәмила Бақбергенова бастаған қазақстандық балуандар Азия чемпионатына қатысады
olympic.kz

UWW ресми сайтында 25-30 наурыз аралығында Амманда (Иордания) күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанның әйелдер құрамасының тізімі жарияланды.

Тізімде қыздар құрамасының көшбасшылары Жәмила Бақбергенова мен Эдьмира Сыздықова да бар.

  • 50 келі - Светлана Анкичева 
  • 53 келі - Зейнеп Баянова
  • 55 келі - Зульфия Яхиарова
  • 57 келі - Нилуфар Раймова
  • 59 келі - Гүлдана Бекеш
  • 62 келі - Тыныс Дубек
  • 65 келі - Елена Шалыгина
  • 68 келі - Ирина Казюлина
  • 72 келі - Жәмила Бақбергенова
  • 76 келі - Эльмира Сыздықова

2024 жылы Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық қыздардың бірде-біреуі финалға шықпай, тек 4 қола медальмен жарысты аяқтаған.

Ал, 2023 жылы Астанада өткен құрлық біріншілігінде Жәмила Бақбергенова мен Жльмира Сыздықова чемпион атанған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам